Санаин () - Солтүстік Армениядағы орта ғасырлық ірі мәдени орталықтардың бірі, қазіргі Алаверди қонысындағы (Армения) орта ғасырлық (X—XIII ғ.) монастырь комплексі, 1996 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіл дүниежүзілік мұралар тізіміне кірген.

Монастырь комплексінде Сурб Аствацацин шіркеуі( 934 ж.ш.) Аменапркич шіркеуі(957 - 962 ж.) кітапхана (1063 ж.) қоңырау мұнарасы (ХІІІ ғ. ортасы) Захарид князьдардың, Аргутинский-Долгорукий князьдардың қабырлары (1189 ж.) Сурб-Саркис шіркеуі Сурб-Карапет шіркеуі монастырдың қасындағы Дебед өзенде аркалы көпір (1192 ж.) сақталған.

Х-ХІ ғасырларда мнастырьда қызмет еткен монахтардың саны 300-500 болған, олардың арасында аты шыққан ғылымдар, мәдениет қайраткерлер болған.

Санаинда құрылыстардың көбісі жермен жексен етіп талқандалған: 1064 ж. салжұқтармен , 1104 ж. - парсылармен, 1139 жылғы жерсілкініспен.

Галерея

Сыртқы сілтемелер

Санаин на Armenica.org

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Армения