thumb|left

Алазея - Саха Республикасының солтүстік-шығысындағы өзен. Ұзындығы - 1590 км, алабы - 64700кm².

Алазея таулы үстіртінде, Нелькан мен Кадырчан өзендерінің құйылысуынан пайда болған. Шығыс Сібір теңізіне құйылады. Арнасы ирек-ирек. Сағасында бірнеше тармаққа бөлінеді (ірілері - Логашкина, Тынялькут).

Алабында көлдер көп (24 мыңнан асады). Жаңбыр, қар суымен көректенеді. Сағасындағы орташа жылдық су шығыны - 320 m³/сек.

Қазан айының басында қатады, мамырдың аяғында мұзы түседі.

Басты саласы - Россоха өзені сол жағынан құяды.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Сыртқы сілтемелер http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_geo/405#

Дереккөздер

Санат:Саха Республикасы өзендері