Контагиозді моллюск. Ауру туралы жалпы ақпарат

Терінің вирустық ауруы, контагиозді моллюск, ауру адаммен тұрмыстық және дене қарым-қатынасында туындайды. Контагиозді моллюск сипатталатын белгілер – бұл терідегі безеу сияқты бөрткендердің шығуы. Аурудың атауы безеулерді қысқанда дөңгелек пішінді маллюск тәрізді заттан тұратын ақ қою сұйықтықтың шығуынан контагиозді моллюск деп аиалып кеткен. Оны көбінесе ісіктермен және басқа да емдемесе адам өміріне қауіпті болуы мүмкін аурулармен шатастырады. Сондай-ақ инфекция ауру адамдармен ВИЧ-пен бір уақытта жүреді. Сондықтан барлық ауру жұқтырған адамдарға анализ тапсырып, ВИЧ бар-жоқтығына тексеруден өту керек.

Инфекцияның негізгі берілу жолы жыныстық қатынас болып табылады. Сонымен бірге бөрткендер жыныстық мүшеде орналасады. Сонымен бірге медициналық тәжірибеде контагиозді моллюскінің тұрмыстық жолмен бірелген жағдайлары белгілі. Балалар көбінесе бассейндерде ауру жұқтырып алады. Контагиозді моллюск лас ойыншықтарда да болуы мүмкін, сондай-ақ қол беріп амандасқанда да жұғуы мүмкін.

Контагиозді моллюск тек адамда ғана болады, себебі оның қоздырғышы Molluscipoxvirus патогенді вирус болып табылады. Вирус ошақтары бүкіл әлем бойынша тіркелген, оның таралуына географиялық фактор әсер етпейді. Вирусты жұқтырып алу өте оңай. Инфекциямен күресудің қиындығы оның құрамында ДНК болуымен сипатталады. Сондықтан қазіргі заманғы медицина одан түбегейлі құтылу мүмкіндігін бере алмайды. Бұл ауру созылмалы болып табылады. Алайда қиын жағдайларды болдырмауға болады, ол үшін тұрақты терапия мен дәрігер маманның тұрақты бақылауында болу қажет. Ауру белгілерімен күрестің негізгі әдістері ағзаны жалпы имммунитетін жоғарылату болып табылады. Иммунитет төмендеген жағдайда ауру белгілері пайда болады.

Адам денсаулығы жалпы нашарлағанда, сондай-ақ қоршаған ортаның, яғни экологияның кері әсері болғанда аурудың клиникалық көріністері байқалады. Ересек адамдарда аталған ауру негізінен жыныстық қатынас арқылы жұғатындықтан, оларда ең алдымен, жыныс мүшелері, сондай-ақ саны, іштің төменгі жағы зақымданады. Балаларда бөрткендер денесінің кез келген жеріне шығуы мүмкін. Көп жағдайда бөрткендер екі-үш айдан кейін кетіп қалады. Сондай-ақ олар теріде көп уақыт сақталуы мүмкін. Сол кезде дерматовенеролог дәрігер мен тиімді терапия науқас адамға өте қажет болады.