319 × 278px|нобай|оңға|Шу сүйрік қанаты Шу сүйрік қанаты — тек Арал су алқабында тіршілік ететін балық. Аз зерттелген. Сирек кездесетін балықтың бір түрі. Денесінің ұзындығы 16 см. Табиғи таралу аймағы - Бішкек қаласынан төменгі Шу өзенінің су алқабы. 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы деректер жоқ. Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың әр түрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан өсірілмеген. Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген. Оның таралу аймағын және табиғи көбею мүмкіндігін анықтау үшін бұл түрді іздестіруді жалғастыру керек.Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы, өңделген, толықтырылған. — Алматы: Атамұра,2011. — 208 бет. ISBN 978-601-282-245-8
Дереккөздер
Санат:Жануарлар