Тұрлыбай батыр ауылы (2011 жылға дейін — Красная заря)Жамбыл облысы Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округінің Красная заря ауылын Тұрлыбай батыр ауылы деп атауын өзгерту туралы — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Жамбыл ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Округ орталығы - Жамбыл ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым, аудан орталығы - Меркіден 9 шақырым қашықтықта "Көлтоған" байламтасының төменгі сағасында орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен309 577 186,7 160 297 185,6 149 280 187,9

Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік пункт, дүкен жұмыс істейді. Бұрынғы атауы Тұрлыбай батыр ауылы, артель құрылған соң "Красная заря", тәуелсіздік алғаннан кейін "Қызыл таң" деп аталды. Қазақ энциклопедиясы

Ауыл тарихы Бұл ауыл адамдарының ата-бабалары бұрын қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданының Қорағаты ауылының маңындағы Шілік деген жерде тұрған. Сол кездерде, ауылдың бетке ұстар азаматы, Сыпатай батырдың серігі болған Тұрлыбай батыр халықты ұйымдастырып, егін суғару үшін Меркі өзенінің бір тармағының алдын бөгеп екі жерден (біреуі үлкен, біреуі кіші) байламта жасайды. Үлкен байламта "Көлтоған", кіші байламта "Балатоған" аталды. Сол байламталардың төменгі сағасынан үш жерден төменге қарай "Шілікке" дейін, яғни 7-8 шақырымдай тоған қаздырады. Сөйтіп, көп адамдар егін егіп, жағдайын түзей бастайды. Шіліктің бойындағы халық, суы мол Көлтоғанға жақын маңға, яғни көлдің төменгі сағасына келіп қоныстана бастайды. Байламтадағы көл мен қазылған тоған бірігіп "Көлтоған", кіші байламтада балалар шомылып, көп ойнайтындықтан "Балатоған" аталып кеткен.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері