''Коллективтік шарт' - еңбекшілер коллективі атынан жергілікті кәсіподақ к-тінің осы өндірістік коллективке жалпы қоғам мүдделерін білдіретін әкімшілікпен жыл сайынғы жасасатын келісімі. Коллективтік шарт барлық қызметкерлерге, оның ішінде кәсіподаққа жоқ қызметкерлерге де қолданылады. Коллективтік шартта бір жағынан, жұмысшылар мен қызметшілердің өндірістік жоспарларды орындау, жұмыстың сапалы көрсеткіштерін жақсарту - еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын кеміту, өнімнің сапасын арттыру және т.б. мақсатымен өндірісті ұйымдастыру ісін жетілдіру жөніндегі өзара міндеттерін айқындайды.
Коллективтік шартты жасасу барысында туындаған даулы мәселелер қаралады, оның сақталуы бақыланады. Коллективтік шарт шарттарының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдар жауапқа тартылады. қазіргі кезде коллективтік шарттың рөлі едәуір арта түсуде.
Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7