thumb|left|100px|КалифорнийCalifornium (Cf) Калифорний (лат. Californium; Cf) — Менделеевтің Периодтық кестесінің 7 периодына жататын химиялық элемент; актиноидтарға жататын қатты радиоактивті металл. Рет нөмірі - 98, атомдық массасы - 251,0796.

Калифорнийді 1950 жылы америкалық химик Г. Сиборг тобы (С.Томпсон, А.Гиорсо, К.Стрит) Берклидағы Калифорния университетінде ядролық реакция арқылы алған. Калифорния штатының атымен аталған. Калифорнийдің бірінші қатты қосылыстары — 249Cf2O3 и 249CfOCl 1958 жылы алынды.

Калифорнийдің изотоптарының бәрі де радиоактивті. Маңыздылары:

251Cf (жартылай ыдырау мерзімі T1/2=900 жыл), 249Cf (T1/2=351 жыл), 250Cf (T1/2=13,08 жыл) және 252Cf (T1/2=2,645 жыл), сондықтан Калифорнийдің химиялық қасиеттері жоғарыдағы изотоптар көмегімен зерттелген.

Қосылыстарында үш валентті Калифорний тотығы Cf2О3, хлоридтері CfСІ3, CfОСІ алынып зерттелген.

Калифорний және оның қосылыстарының қасиеттері диспрозийге ұқсас.

Тағы қараңыз Химиялық элементтер тізімі Химиялық элементтер Қоспалар Шикізат

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия // Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Сыртқы сілтемелер Калифорний на Webelements Калифорний на сайте XuMuK.ru

Санат:Химиялық элементтер