thumb|left|100px|ХассийHassium (Hs) Хассий (лат. Hassium; Hs) — Менделеевтің Периодтық кестесінің 8 топ, 7 периодтың химиялық элементі. Реттік нөмірі – 108, атомдық массасы – 269. Тұрақсыз радиоактивті элемент.
Хассий 1984 жылы Германияда Дармштадт қаласындағы Ауыр иондарды зерттеу орталығында (нем. Gesellschaft für Schwerionenforschung, GSI) ашылған.
Элементтің атын бастапқы кезде сергений (sergenium, Sg) деп қойған (Жібек жолындағы Серика қаласының атымен). Сосын атын оттоганий (ottohahnium, Oh) деп қоятын болды (ядроның бөлінуін ашқан ғалым Отто Ганның құрметіне). 1994 ж. IUPAC химиктары элементтің атын ганий (hahnium, Hn) деп қоюға ұсыныс берді. Бірақ 1997 ж, неміс жерінің атымен (Hassia — Дармштадттың латынша аты) элементтің атын өзгертіп Хассий (Hassium, Hs) деп қойды.
Белгілі изотоптар Изотоп Массасы Жартылай ыдырау мерзімі Ыдырау түрі 264Hs 264 ≈0,8 мс α-ыдырау 260Sg;спонтанды бөліну 265Hs 265 2,0 мс α-ыдырау 261Sg 266Hs 266 2,3 мс α-ыдырау 262Sg 267Hs 267 52 мс α-ыдырау 263Sg 269Hs 269 9,7 с α-ыдырау 265Sg 270Hs 270 3,6 с;≈22 с α-ыдырау 266Sg 275Hs 275 0,15 с α-ыдырау 271Sg
Тағы қараңыз Химиялық элементтер тізімі Химиялық элементтер
Сыртқы сілтемелер
Хассий на Webelements О синтезе элемента на сайте ОИЯИ Магический хассий-270 оказался долгожителем
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Химиялық элементтер