Тұқымның жарақаттануы - комбайндар мен молотилкалардың, тұқым тазалағыш және сорттағыш машиналардың, кептіргіштердің әртүрлі тиеу құралдарының сепкіштер мен басқа машиналардың жұмыс органдары тұқымдар мен түйісу және оларға әсер етудің нәтижесінде белгілі бір дәрежеде оларды жарақаттайды. Әсіресе астық бастырғанда тұқымның ең көп жарақаттануы байқалады. Зақымдану дәрежесіне қарай түқым жарақаттануының екі түрі ажыратылады: а) Макро-жарақаттар – тұқымның бір бөлігінің шығынына байланысты анық көрінетін зақымдар (уатылған, ұрылған, езілген, ұрықтың толық немесе бір бөлігінің болмауы). Тұқым тіршілігіне ең қауіптісі осылар, көбінесе өнгіштікті жоғалтуымен байланысты. Макрозақымданған тұқымдардың 8 түрі ажыратылады: 1. ¥рық толығымен ұрып шығарылған. Тұқымның өну қабілеті жоғалған. 2. ¥рықтың бір бөлігі ұрылған. Тұқым қалыпты өсімдік қалыптастыра алмайды, алайда лабороториялық жағдайда олардың кейбіреулері өнуі мүмкін. 3. ¥рықтың бір бөлігі ұрылған және эндосперм макрожарақат алған. Себілген тұқым опат болады. 4. ¥рықтың бір бөлігі ұрылған және микрожарақат алған. Тұқым көктей алмайды. 5. Эндоспермнің бір бөлігі ұрылған (жоғалған), лабораториялық жағдайда тұкым тез өнеді, бірақ танаптық (далалық) жағдайда әлсіз өсімдіктерді калыптастырады. 6. Эндоспермнің бір бөлігі ұрылып жоғалған және ұрық микрожарақат алған, бұлар тұқымның өнуін және өскіннің әрі карай дамуын әлсіретеді. 7. Тұқым қабығының бір бөлігі (немесе толық) жоғалған. Тұқым өнеді, бірақ тыңғылықты дәрілеуді қажетсінеді. 8. Тұқым кеміргіш зиянкестермен жарақаттанған. Мұндай жарақаттар өте қауіпті, өйткені әдетте оның қоректік ткані ғана жарақаттанады. ә) Микрожарақаттар — көрінбейтін, көзге шалынбайтын зақымдар. Бұл қабықтар мен ішкі тканьдердің жарықшағы, олар микроорганизмдер мен ішкі зиянкестердің әсерінен пайда бо¬лады. Микрозақымдардан олардың айырмашылығы сол, қазіргі тұқым тазалағыш машиналармен оларды бөліп алуға болмайды. Олардың тұқым сапасына тигізетін теріс әсері, айтарлықтай, әсіресе ұрықтың зақымдары қауіпті.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Тұқымның жарақттануы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.