Головизин үйі – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Алматы қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 162.

Сипаты 1905-08 жылдары көпес тұрғын үйінің үлгісімен салынған, Верный етік шеберханасының қожасы Т.Г. Головизиннің үйі. Ғимарат ағаштан салынған, тұғыр қабаты – кірпіш, Көше бұрышын көмкере, ассиметриялық құрылымды мекен-жай үлгісімен тұрғызылған. Доғаланып келген қабырғаның ортасынан күмбез орнаған. Қасбеттері белдеу және бағаналар жүйесімен әсемделген. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін мұнда 2-балалар ауруханасы, одан соң балалар бақшасы орналасты. 1930 жылдан ҚазССР Халкомсовының шаруашылық басқармасының қарамағына көшті. Одан кейін Советтік балалар қорының Қазақ республикалық бөлімшесі орналасты. Қазір – Мемлекеттік резиденцияның № 4 ғимараты Головизин үйі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттерінің тізіміне енген.Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7

Дереккөздер

Санат:Алматы қаласының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Алматы сәулеті