Шиншилла - жүні жұмсақ, қалың әрі мықты болып келетін кеміргіш. Бұл кішігірім аң қоянға ұқсайды. Ол Перу мен Чили шекарасында, 3-6 км биіктікте құзды жартастарда тіршілік етеді. Олар жұбын мәңгілікке құрайды. Анасы әр жыл сайын үш баладан табады. Оның балалары көзі ашық, барлық тістері бар, орташа дамыған қалыпта туады да, бірден жылдам жүгіріп кетеді .Шиншиланың терісі өте бағалы.Жануарлар әлемінің үлкен атласы,«Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл ISBN 2078-6727

Дереккөздер

.

Санат:Кеміргіштер