Алексей Алексеевич Агафонов (23 тамыз, 1947 жылы туған, Ресей, Түмен қаласы) — әскери қайраткер, генерал-майор (29.10.1987).
Өмірбаяны Санкт-Петербургтегі Жоғары жалпыәскерлік командалық училищені (1970) бітірген. Мәскеудегі Фрунзе атындағы Әскери (1977) және Бас штаб Академиясын (1985) бітірген. Мотоатқыштар взводы, рота, батальон командирі, полк командирінің орынбасары, мотоатқыштар полкының командирі, дивизия штабының бастығы, мотоатқыштар дивизиясының командирі, штаб бастығы — жалпыәскерлік армия қолбасшысының орынбасары, ТМД елдері біріккен Қарулы Күштері штаб бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 1992 жылғы 30 қарашадан бері Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Бас штабы бастығының орынбасары. ТМД мемлекеттерінің бірлескен әскери істерін үйлестіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Мәскеудегі өкілі.
Марапаттары “Отанға қызмет еткені үшін” (3-дәрежелі) орденімен, медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:23 тамызда туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Түменде туғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Қазақстан әскерилері Санат:Отанға қызмет еткені үшін орденінің иегерлері