thumb|right|200px|Александр Натанович Бернштам Александр Натанович Бернштам (18 қыркүйек 1910, Ресей, Керчь қаласы – 10 желтоқсан 1956, Санкт-Петербург қаласы) – шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы (1942 жылы), профессор, Орталық Азияны мекендеген түркі тілдес халықтардың тарихын зерттеушілердің бірі.
Өмірбаяны Ленинград (Санкт-Петербург) университетін бітірген (1931 жылы). Материалдық мәдениет тарихы академиясында қызмет етті.
1935–38 жылдары Шығыстану институтында жұмыс істеді.
Ғылыми зерттеулері «6–8 ғасырлардағы орхон-енисей түріктерінің экономикалық құрылымы» тақырыбы бойынша кандидаттық (1935 жылы) «Қырғызстан мен қырғыздардың көне дәуірден моңғол-татар шапқыншылығына дейінгі тарихы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1936 жылдан бастап 20 жыл уақыт бойы Жетсу, Тянь-Шань, Памир-Алтай, Ферғананы археологиялық жағынан зерттеді. 1936 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылып, Бернштам басқарған археологиялық экспедициялар солтүстікте Қаратау жоталарынан, оңтүстікте Памир тауларына дейінгі, шығыста Іледен, батыста Зеравшан үстіртіне дейінгі жерлерді зерттеп, Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көне тарихына қатысты маңызды мәліметтер жинады. Ол 1930–40 жылдары қазақ-қырғыз тарихына қатысты тың мәселелер көтеріп, сақ-үйсін және түркі дәуірін зерттеуге елеулі үлес қосты. Археологиялық материалдарға сүйеніп, Теріскей Қырғыз өлкесінің қола дәуірден (б.з.б. 2 ғ.) 15 ғасырға дейінгі тарихын түбегейлі талдады. 250-дей ғылыми еңбегі мен мақалалары бар.Отырар. Энциклопедия. – Алматы, «Арыс» баспасы, 2005, ISBN 9965-17-272-2Қазақ Энциклопедиясы Қазақстан бойынша жазған еңбектері "Археологический очерк Северной Киргизии" "Памятники старины Таласской долины "Чуйская долина" "Очерк истории гуннов" "Историко-археологические очерки Центрального Тянь-Шаня и Памира-Алтая"Қазақтар. 7-том. 20-бет "Білік" баспа үйі, Алматы, 2003
Дереккөздер
Санат:1 қазанда туғандар Санат:1910 жылы туғандар Санат:Керчьте туғандар Санат:10 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1956 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:КСРО тарихшылары Санат:КСРО шығыстанушылары Санат:КСРО археологтары Санат:Профессорлар Санат:Түркітанушылар Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Мемлекеттік Эрмитаж тұлғалары