Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, біршама тиянақталған бір ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, роналдо екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады.

Жай сөйлем түрлері Жақты сөйлем — бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем. Мысалы: Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді. Кенет отқа көзі түсіп кеткен. Жақсыз сөйлем — баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем. Мысалы: Менің айтқаным келді. Бір жерде көргенім бар. Жалаң сөйлем — тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем. Мысалы: Ойын қызық. Үй жылы. Қарағың келеді. Жайылма сөйлем — тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. Мысалы: Едіге ұзақ жол жүрді. Алыстан мұнар тау көрінеді. Толымды сөйлем — ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлем. Мысалы: Шашубай мерген еді. Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді. Толымсыз сөйлем — ойға қатысты сөйлем мүшесінің біреуі түсіп қалған сөйлем. Мысалы: Қарлығаштар тағы келді. Қайта-қайта келе берді. Атаулы сөйлем — кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды, тек заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреді ондай сөйлемдер атаулы сөйлем. Мысалы: Дала. Егін даласы рақат құшағында.Қазақ тілі мен әдебиеті Косымова Г. 8 классҚазақ тілі. 8 сынып. Оқулық. – Ермекова Т.Н., Ерхожина Ш.Л., Токбаева А.Е. – Алматы: Арман-ПВ, 2018. – 255 б. ISBN 185902579123

Дереккөздер