Бұл процесс 450 - 500°C- та және катализатор (алюмосиликаттар) қатысында жүргізіледі. Бұл әдіспен көбінесе авиация бензині өндіріледі. Катализдік крекингте ароматты көмірсутектерді конденсациялағанда кокстеу процесі жүріп, кокс катализатор бетіне қапталады. Нәтижесінде, катализатордың белсенділігі төмендейді. Катализаторды регенерациялау (қалпына келтіру) 550 - 600°C температурада ауа үрлеп, коксты күйдіру әдісімен орындалады. Регенерация және крекинг процестері кезек-кезек орындалады. Өндірісте көбінесе "қайнау қабатындағы" регенерациялау жүргізіледі. Крекинг және катализаторды регенерациялау бір агрегатта жүргізіледі: жоғары жағы - реактор, төменгі жағы - регенератор. Катализдік крекинг бензиннің құрамында көп мөлшерде ароматты және изопарафинді көмірсутектер болғандықтан, октан саны 78 - 80%, ал қорғасын тетраэтилатын қосып, 90 - 95% - ке жеткізуге болады.