Қоңыр итмұрын(шиповник) Қоңыр итмұрын- көп жылдық, бұталы өсімдік. Сипаты Биіктігі 1,5-2метрге жететін көп жылдық, бұталы өсімдік. Бұтақтары қызыл қоңыр түсті, қабығы жылтыр. Гүлі бар бұтақтарының түп жағында тікенектер екі-екіден, жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан қауырсын тәрізді, қосалқы жапырақшалары бар. Гүлдері ірі, ашық қызыл түсті. Жемісі-ішінде бір ғана тұқымы бар жаңғақша, оның ішкі қабырларын түк басқан. Мамыр айынан шілде айына дейін гүлдейді. Емдік қасиеті Әлсіреген организмге қуат беруге пайдаланады. Өт айдайды, қабануды басады, асқазанның және ішектің қызметін жақсартады. Несеп айдайды. Дәріні дайындау және қолдану тәсілі Итмұрынның ұнтақталған жемістерінің 20 грамын қайнап тұрған 2 стакан суға салып 10 минут қайнатады. Суығаннан кейін сүзіп алып, әр ішкенде 1 стаканнан күніне 2 рет ішеді. Санат:Биология