600 × 936px|нобай|оңға| Карбон тарағы Карбон тарағы Карбоннан жасалған тарақ жеңіл, қолдануға ыңғайлы, мүлдем кір жинамайды. Карбон – графит пен резеңкенің қосынды нәтижесінде алынған материал. Шашты тез тарап, қалаған шаш сәніңізді жасауға көмектеседі. Шашты бояуға мінсіз келеді. Мамандар арасында көбінесе осы мақсатта қолданады.

600 × 936px|нобай|оңға| Силикон тарағы Силикон тарағы Мұндай тарақтың басты артықшылығы – ол шашты мүлдем электрлемейді. Оған қоса мұндай тарақты жуу оңай, себебі тараққа шаштың майы, кірі жұқпайды. Сондықтан бұл тарақ жиі жағдайда шаштараздар шаш бояу және қырқу үшін қолдады. Әсіресе шашы бұйра қыздарға мінсіз келеді.

600 × 936px|нобай|оңға|Нейлон тарағы Нейлон тарағы Нейлон – заманауи жұмсақ материал. Соның арқасында бұл тарақ өте жұмсақ болып шығады. Нейлоннан жасалынған тарақ шашты зақымдамай тарайды. Мұндай тарақ шашы жұқа, зақымданған аруларға мінсіз нұсқа болады. Сондай-ақ нейлоннан сәбилерге арналған да тарақ жасайды.

600 × 936px|нобай|оңға|Эбонит тарағы Эбонит тарағы Эбонит – құрамында күкірт көп каучук түрі немесе резеңкенің бір түрі. Мұндай тарақпен шаш тарағанда шашыңыз түзуленіп, жұмсақ бола қалады. Тарақ дымқыл шашты тарауға жақсы.

600 × 936px|нобай|оңға|Ионизациялайтын тарақ Ионизациялайтын тарақ Мұндай тарақ шашты ионизациялап, электрленудің, шаштың ұштануын алдын алады. Тұрақты қолдану шаштың жағдайын әлдеқайда жақсарта алады дейді өндірушілер.

100|нобай|оңға|Электр тарағы Электр тарағы Электр желісіне қосылатын немесе батареяда жұмыс істейтін мұндай тарақтың бірнеше түрлері кездеседі. Фен негізінде жасалған тарақ шашты бір уақытта кептіріп, пішінін келтіреді. Ал массажды тарақ шашты тарау барысында басыңызға массаж жасайды.

Дереккөздер http://massaget.kz/bastangy/krasota/16521

Санат:Тұрмыстық заттар Санат:Тұрмыс