Шыңбұлақ, Шымбұлақ (1993 жылға дейін – Братское)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Жетітөбе ауылдық округінің құрамында.

Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км-дей, округ орталығы - Кәріқорған ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде, Теріс өзені жағалауында, Қаратау сілемдерінің күнгей бетіне орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен809 1036 128,1 417 556 133,3 392 480 122,4

Тарихы Ауыл 1961-96 жылдары сүт өндіретін ұжымшар бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Атау тарихы Переселендердің ықпалымен "Братск селосына" айналған. Кейін "Қызыл жұлдыз" ауылының тұрғындары көшіп келуіне байланысты елді мекеннің көлемі ұлғая түсті. Теріс өзенінің солтүстік жағына қоныстанған бұл ауыл іргесіндегі таза бастаудың ерекшелігіне орай "Шымбұлақ" аталып кеткен. Ауылға 1991 жылы тарихи атауы қайтарылды.

Бұл ауылдан бір үйдің атақты үш перзенті: ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының академигі Бауыржан Қойбақов, заң ғылымдарының докторы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры Сейітжан Мелдебекұлы Қойбақов, техника ғылымдарының докторы, профессор Сейітхан Қойбақов, самбодан Азия чемпионы Сәркен Жартыбаев шыққан.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жуалы ауданы елді мекендері