Сибелиус, Ян (1865-1957)В.Александрова, Е.Бронфин. Ян Сибелиус. Очерк жизни и творчества. Государственное музыкальное издательство. Москва - 1963. - финдік сазгер, дирижер.

Өмірбаяны Балалық шағы thumb|left|150px|Ян Сибелуис 11 жаста Сибелиус, Ян (Иоган Юлиус Христиан) 1865 жылы 8 желтоқсанда Финляндияның оңтүстігінде орналасқан шағын қала Хяменлиннада (ол кезде шведтік аты Тавастехус болған) туған. Әкесі - Христиан Густав Сибелиус - атқыштар батальонында дәрігер болып қызмет атқарған, анасы - Мария Шарлотта- үй шаруасында болған. Янның музыкаға деген ынтасы ерте оянады. 10 жасында "Жизнь тетки Эвелины в звуках" бағдарламалық шығармасын отбасында орындайды. Сол кезде скрипка мен виолончелиге арналған үш бөлімді "Капли воды" пьесасын жазады. 1876 жылы бастауыш мектепті бітірген соң тавастехулік лицейде музыкалық сабақтарын жалғастырады. 1880 жылы скрипкада ойнауды оқиды. 1881-1884 жылдар аралығында жасөспірімдік алғашқы шығармаларын жазады. 1885 жылы 15 мамырда лицейді бітіреді.

Бағыт таңдауы 1885 жылы лицейді бітіре салысымен туысқандарының қалауыншаХельсинки университетінің заң факультетіне түсуіне тура келеді. Бірақ ойын өзгертіп 15 қыркүйекте оқытушы - скрипкашы, венгр Чиллагтың класы және музыка теориясынан Вегелиус класы бойынша Хельсинки Музыкалық институтына түседі. Сибелуистің қалыптасуына 1888-1889 жылдары институтта рояль класынан сабақ берген, сол кезде жас та болса да көрнекті пинаист - Ферруччо Бузонидің маңызы зор болды. 1886-1887 жылдары скрипкаға және фортепианоға арналған F-dur сонатасын жазады. 1888 жылы Сибелуистің шығармаларының бірі алғаш рет көпшілік алдында ойналады. Вегелиустің шақыруымен Ян Гуннар Веннербергердің "Водяной дух" драмасына музыка жазуда ұжымдық жұмысқа қатысып, скрипка, альт және виоленчелиге арналған A-dur сюитасын және а-moll ішекті квартетін құрастырады. Музыкалық институтта болған концертте оның а-moll ішекті квартеті орындалғанда Роберт Каянус (1856-1933, финдік сазгер, дирижер) қатысады. Сөйтіп, 1889 жылы жас сазгер Музыкалық институттағы оқуын бітіреді. Институт бітргеннен кейін Ловисте отбасымен демалған кезде cи-бемоль мажор ішекті квартетін жазады және шекспирлік "Макбеттің" әуені бойынша симфония жазуды ойлайды.

Отанынан тысқары жерде сабақ алуы 1889 жылы 7 қыркүйекте үкіметтен стипендия алып, Берлинге атанады. Онда Вегелиустың берген кепілдемелік хатының көмегімен сазгерлік және теорияшылдығымен аты белгілі Альберт Бенердің оқушысы болады. Жаз шығысымен Сибелиус еліне қайта оралып, Ярнефельтов отбасымен қайта жүзісіп, болашақ әйелі Айномен некелеседі. 1890 жылы қараша айының басында Венаға атанып, веналық сарайдың опералық театрының бірінші дирижері Ганс Рихтердің ұсынысымен Веналық консерваторияның продюсері Роберт Фукстан (1847-1927) сабақ алады.Сонымен қатар талантты веналық сазгер және тамаша музыкант Карл Гольдмарктің (1830-1915) кеңестерін пайдаланады. Сол Карл Гольдмарктің жетекшілігімен Сибелиус алғаш рет оркестрлік музыка шығаруға ден қояды. Алғашқы ля-минор увертюрасы сәтсіз болып шығады, керісінше екінші шығармасы - увертюра E-dur оқытушысы тарапынан құпталады. 1891 жылдың басында Гольдмарк жақсы баға берген симфониялық "Балетная сцена" шығармасын шығарады. Бұл екі шығармасы да 1891 жылы 23 сәуірде Хельсинкиде болған симфониялық концертте орындалады. Бұл Сибелуистің жұртшылық алдындағы оркестрлік сазгер ретінде бірінші көрінуі болды. Венада болашақ үлкен симфониялық шығармалары - ұлттық эпос "Калевалы"- "Куллерво" және "Саганың" нобайлары пайда болады. 1891 жылы жазда шет жақтан сабақ алуын аяқтап Сибелиус Финляндияға қайтып оралады.

Шығармашылығының кемелденуі thumb|Ян Сибелиустің әр жылдардағы портреттері thumb|Ян Сибелиус, 1954 жыл "Калевала" - Куллерво туралы аңыз, финдік эпос, Сибелуистің мектепте оқып жүрген жылдарында қиялында болған екен. Нобайы Венада басталған шығармасына Финляндияға қайтып келген соң беріле кірісіп, оны 1892 жылы көктемнің алғашқы күндерінде аяқтайды. Жеке дауысқа, хор мен оркестрге арналған бұл үлкен симфониялық кантатаның алғашқы орындалуы автордың өзінің басқаруымен 1892 жылы 28 сәуірде Хельсинкиде жұртшылықтың зор ықыласына бөленіп, 26 жасар Сибелиус шығармашылық кемелдену кезеңіне шығады. 1892 жылы 10 маусымда Сибелиус Айно Ярнефельтке үйленіп, финдік Карелияның Пиелисярв деген жерінде бал айларын өткізеді. Осы жерде Айно арқылы финдік талантты драматург Минна Кантпен танысады. 1892 жылы күзден бастап Хельсинкидегі Музыкалық институтта композиция класы бойынша сабақ бере бастайды. Сол уақытта Хельсинкиде Филармониялық қоғам жанынан Роберт Каянустың ұсынысы байынша Оркестрлік мектеп ашылып, Сибелиус композиция оқтушысы ретінде жұмысқа шақырылады. Уақытының көбі мектеп пен институтқа кеткеніне қарамай, осы жылдың аяғына қарай жаңа үлкен симониялық поэма "Саганы" жазады, алғаш рет 1893 жылы ақпанда орындалған шығарма, бірден Финляндияға, кейінірек Еуропаға танылады. Жаз айының басында Финляндияның орталық бөлігіндегі Куопиода болған күндері Сибелиус жазушы Эрккомен танысып, "Калевалы" шығармасының әуені бойынша опера жазу ойы келеді. Халық эпосының руналарын ізденуін жалғастыра келе, көп ұзамай бағдарламалық симфониялық аңыздар топтамасының идеясы қалыптасады. 1896 жылдың басында төрт симфониялық аңыздардан ("Лемминкяйнен и девы на Саари", "Лемминкяйнен в Туонеле", "Туонельский лебедь" және "Возвращение Лемминкяйнена") тұратын "Лемминкяйнен" сюитасы жазылып бітеді. Симфониялық тетрологияның алғашқы орындалуы 1896 жылы 13 сәуірде болады. 1893 жылдың жаз айларында Сибелуистің басқа шығармалары өмірге келеді. Куовисиде "Карелия" сюитасы жазылады. Қараша айында алғаш орындалғанда сюита сегіз номерден тұрады, одан кейін партитурасын қайта өңдеп оны увертюраға және сюитаны үш бөлімге айналдырады. Сонымен қатар Сибелиус фортепианалық пьесалар қатарын және ерлер хорына арналған бірнеше әндер жазады. 1893-1894 жылдары романстар, фортепианолық пьесалар және поэтикалық симфоникалық "Весенняя песнь" суреттемесі жазылып, алғаш рет 21 маусымда орынадалады. Содан кейінгі жылдары "Лемминкяйнен" сюитасын бітіреді, сонымен қатар "Девушка в башне" бір актілі операсын шығарады. 1897 жылы финдік қоғамның қысуымен Сибелиус жыл сайын алып тұратын екі мың марок үкіметтік стипендия алады. Сол жылы Паул Адольфтің "Король Христиан II" тарихи драмасының көп бөлігіне музыка жазады. Ол 1898 жылы 24 ақпанда алғаш орындалып, үлкен жетістікке жетеді. 1898 жылы күзде Бірінші симфониясын жазады. 1899 жылы 26 сәуірде алғаш орындалған симфония, жұртшылыққа үлкен әсер қалдырады. 1899 жылы көктемде әйгілі шығармаларының бірі ақын Ридбергтің сөзіне жазылған "Афинскую песню" шығармасы шығады. Екі ғасырдың тоғысқан тұсында Сибелиус бірнеше романс және Ридберг жырының әуені бойынша хор мен оркестрге арнап Топелиустың сөзіне жазылған "Ледоход на реке Урал" және "Снежный покой" шығармаларын жазады. 1900 жылы шілде айының басында Филармониялық қоғамның финдік оркестрі Парижде және Бүкіләлемдік көрмеде концерт қою мақсатында Еуропа бойынша үлкен концерттік турнеге шығады. Парижге барар жолда жолай Стокгольм, Осло, Гетеборг, Мальме, Копенгаген, Любека, Гамбург, Берлин, Амстердам, Роттердам және Брюссель қалаларында концерт береді. Концерттерде жас финдік және музыка мектебінің шығармалары және әрине, бағдарламаның негізгі номерлері - Сибелуистің шығармалары орындалады. Осы тұста Сибелиус өмірінде еуропаға кең түрде танымал кезеңі басталады. Сапардан қайтқаннан кейін Мукызалық институтта және оркестрлік мектепте жұмыс істеуін тоқтатады. Содан кейін 4 ай Берлинде болып досы Бузонимен кездеседі және Рихард Штрауспен, әйгілі неміс дирижері Феликс Вейнспен танысады. Берлинде филармония концерттерін көріп, музыкалық кештерде болады. Сондай бір кештерден кейін Рунебергтің сөзіне жазылған "Пришла девушка домой с прогулки" романсын жазады. 1901 жылы ақпан айында Италияға барады, онда екінші симфониясын жазуға кіріседі. Маусым айында Гейдельберг фестиваліне қатысып, өзін дирижерлік бағытта танытады. Фестивальдан кейін еліне қайтып екінші симфониясын аяқтау жолында жұмыс жасайды. Оған қосымша виоленчели және фортепианоға арналған "Меланхолия" поэтикалық пьесасын, ерлер хорына арнап "Калевала" сөзіне ән жазады. Екінші симфония алғаш рет 1901 жылы Хельсинкиде орынадалады. 1903 жылдың басында Арвид Ярнефельттің "Смерть" драмасына, көп кешікпей әлемге белгілі болған "Грустный вальс" музыкасын жазады. Осы жылдың жазында жазған скрпикалық концерті келесі ірі шығармасы болады. Күзде Стокгольмда үлкен табыспен екінші симфониясына дирижерлік етеді, содан кейін алғаш рет Англияға сапар шегеді. Онда ол Ливерпуль және Манчестерде өзінің бірінші симфониясына және "Король Христиан II" сиютасына дирижирлік етіп, концерт береді. 1904 жылы Ярвенпяя (сазгер әйелінің құрметіне ол жерге "Айнола" деген атау береді) деген мекеніне қоныстап, кейінгі өмірін сонда өткізеді. Онда ол көптеген шығармалар жазады. 1905 жылы көктемде Метерлинктің "Пеллеас и Мелизанда" драмасына музыка жазады. Осы көктемде Сибелиуске орыс музыка сыншысы А.Коптяев қатынайды. 1906 жылы үшінші симфониясын жазуын жалғастырумен қатар Яльмар Прокоптың "Пир Валтасар" драмасына музыка, неміс ақындарының сөздеріне алты ән, күзде "Калевала" әуені бойынша "Дочь Похьолы" симфониялық фантазиясын, сонан соң "Пан и эхо" симфониялық би-интермеццосын жазады. Осы жылы Сибелиус орыс дирижері, пианист және музыкалық қайраткер А.И.Зилотидің шақыруымен симфониялық концерттердің біріне қатысып, Санкт-Петербургта "Дочь Похьолы" симфониялық фантазиясы алғаш рет сазгердің өзінің басқаруымен орындалады. 1907 жылы 25 қыркүйекте жылдың алғашқы жартысында аяқтаған үшінші симфониясы алғаш рет Хельсинкиде, бір жарым айдан кейін автордың өзінің басқаруымен Санкт-Петербургте, Зилотидің концертінде (3 қараша), сонан соң Москвада (қарашаның ортасы) орындалады. 1908 жылы Сибелиустың музыкасы еуропалық ірі музыкалық орталықтардың эстрадалық концерттерін жаулап алады. Оның музыкасы Берлин және Лондонда, Санкт-Петербург және Москвада, Парижде, Миланда, Ригада ойналады. Сибелиус сол заманғы ірі сазгерлер қатарына кіреді. 1907 жылы Хельсинкиде концертте австриялық сазгер Густав Малермен танысады. 1908 жылы көктемде Стриндбергтің "Белый лебедь" ертегісінің қойылымына музыка жазады. 1909 -1913 жылдар аралығы Сибелуис шығармашылығы жаңа шығармалармен толықтырылады, 1913 жылы ол балет жанрына музыка жазады (даттық жазушы Паул Кнудсеннің либреттосы бойынша "Скарамуш" хореографиялық пантомимосына). 1914 жылы маусымда Сибелиус Америкаға Норфольк музыкалық фестиваліне сазгер және дирижер ретінде қатысады. Бұл концерттен кейін елінде ықыласқа бөленіп, Хельсинки университеті оған доктар атағы беріледі. 1915 және1916 жылдары Скандинавия бойынша концерттік бағдарламамен шығып Гётеборгте, Христианиде және Бергенде өз шығармаларына дирижелік етіп концерттер береді. 1921 жылы сазгер Лондонға қатынап, онда ол өзінің төртінші симфониясына дирижерлік етеді. 1923 жылы Швецияда және Норвегияда концерт береді. 1926-1929 жылдар ішінде шығармашылығын толықтырып бірнеше романстар, органға арналған пьеса, ерлер хорына бірнеше әндер қатарын, фортепияналық миниатюралар, скрипкалық пьесалар жазады. 1929 жылы скрипка және фортепианоға арналған соңғы үш пьесасын жазып шығарма жазуын тұйықтайды. 1958 жылы Халықаралық Ян Сибелиус атындағы сыйлық жарияланады. Осы жылы Д.Д.Шостакович сол сыйлықтың лауреаты болады.

Опуспен белгіленген шығармалары Оркестрлік шығармалары Кіші оркестрге арналған кассация (1895) Жеке дауысқа, хорға және оркестрге арналған "Куллерво" симфониясы (1892) Симфониялық поэма "Сага" (1892) "Карелия", увертюра (1893) "Карелия", сюита (1893) "Rakastava" ("Возлюбленный") - ішекті оркестрге арналған сюита (1911) "Весенняя песень" (1894) Төрт легенда: "Лемминкяйнен и девы на Саари" (1895) "Лемминкяйнен в Туонеле" (1895) "Туонельский лебедь" (1893) "Возвращение Лемминкяйнена" (1895) "Исторические сцены", I (1899): Увертюра Сцена Празднество "Финляндия", симфониялық поэма (1899) №1 симфония, e-moll (1898-1899) Ішекті оркестрге арналған романс C-dur (1903)