Топырақтың белсенді бөлігі – тірі организмдерді биота дейтін болсақ, топырақтағы тірі организмдердің тыныс-тіршілігін, қызметін олардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қатынасын зерттейтін бөлім- топырақ биотасы деп аталады. Жасыл жапырақты жоғарғы өсімдіктердің жер асты бөлігіндегі тамырлар, ризосфералар және топырақ жануарлары, балдырлары, саңырауқұлақтар, қыналар, бактериялар, актиномицеттер т.б. организмдер топырақ биотасын құрушылар болып табылады. Топырақ организмдерінің негізгі топтарын: топырақ макрофлорасы, микрофлорасы және топырақ микрофвунасы, макрофаунасы құрайды. Топырақ организмдерінің негізгі топтарын құрайтын топырақ макрафлорасына - өсімдік тамырлары, топырақ микрофлорасына балдырлар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер, бактериялар және ультрамикроскопиялық формалар жатады. Ал, топырақ микрофаунасына сүтқоректілер және омыртқасыздар енеді. Қарапайымдылар – топырақ микрофаунасының негізгі өкілдері болып табылады. Табиғатта топырақтың түзілуіне және дамуына байланысты барлық негізгі процестерге, өсімдіктердің өсуіне және топырақ құнарлығына әсер ететін тірі организмнің алуан түрі молынан қоныс тепкен. Топырақтағы барлық табиғи әсерлер өзінің табиғаты жағынан тікелей немесе жанамалы түрде биохимиялық реакциялар болып табылады. Топырақта өсімдік дүниесі, жануарлар дүниесі де өмір сүреді. Өсімдіктер дүниесінің өкілдері сан жағынан да, сапа жағынан да көп болып келеді.Флора, фауна топырақта үлкен-кішілігіне қарай макро және микроорганизмдерге бөлініп көрсетіледі. Топырақ биологиясы жинақталған ғылым, және әртүрлі биологиялық салалармен топырақтану ғылымының арқасында туындаған. Олардың құрамына зоология, альгеология, микология, биохимия, және микробилогия кіреді. Ол бізге топырақтың пайда болуын, физикалық жағдайын, гумустың пайда болуын, топырақ географиясын, агрохимиясын, топырақта өсімдіктердің қоректенуін, жер шаруашылығын үйретеді. Топырақ биологиясының дамуы XX ғасырдың аяғымен XX1 ғасырдың басы болып есептелінді. Оның негізін қалаушы ғылымдар топырақтану мен микробиология болып табылады. Олардың аяққа туруы және жаңа ғылым ретінде танылуы, ерте пайда болған басқа да ғылымдар мен тікелей байланысты.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Топырақ биотасы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.