Аристакес Ластивертци ( (1022 т.ж.— (1072—1087)ө.ж.) — ХІ ғасырдағы ірі армян тарихшылардың бірі.Аристакес Ластивертци.
"Армян халықының мұқтаждығы туралы баяндау" 1001-72 жылдарды қамтитын "Армян халықының мұқтаждығы туралы баяндау" атты еңбектің авторы, Аристакес Ластивертци поэманың 25 тарауында тондрактиліктердің әлеуметтік қозғалысы, армян халқының Византия шапқыншылығы мен салжұқтардың шабуылына қарсы күресі, Ани, Арци т.б. қалалардың өз ара сауда байланыстары туралы құнды деректер бар. Бөлек тарауларда византиялық императорлар Константин VIII (1025—1028), Роман III Аргир (1028—1034), Михаил IV Пафлагонский (1034—1041), Константин IX Мономах (1042—1055), Исаак I Комнин (1057—1059), Роман IV Диоген (1068—1071) туралы деректер берілген.
Дереккөздер
Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Санат:Армения тұлғалары Санат:Тарихшылар