Шаяноттар тұқымдасы , Ароид тұқымдасы () – 3000-нан астам биологиялық түрлері, 113 тегі бар дара жарнақты өсімдіктердің ірі тұқымдасы Araceae on The Plant List. Халықаралық APG жүйесінде дара жарнақты өсімдіктердің сабына жатады.

Таралуы Бүкіл жер шарына кең таралған өсімдік. 3000-нан астам түрі белгілі. Көбі тропикалық және субтропикалық өңірде өседі. Басқа аймақтарда 3000 түрінен 10% ғана өседі.

Қазақстанда Ертіс және Зайсан жағаларында, Алтайда, Жоңғар Алатауында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі.

Ботаникалық сипаттамасы Көп жылдық шөптесін, шырмалғыш бұта, шала бұта, сирек те болса ағаш түрінде өседі.

Жапырақтары кезек орналасқан, пішіні әр түлі, бірақ барлық дара жарнақты өсімдіктердікіндей - сопақша келген, ұзын, паралельді жүйкеленген, сапсыз.

Гүлдері ұсақ, дара жынысты. Аталығы 2-4 не 6, аналығында 1 не 3 ұялы түйіні болады.

Өсімдіктің гүлдері алуан гүлшоғырлар құрайды. Көбіне гүлшоғыр дара гүл сияқты көрінеді, гүлдің қасындағы жабылғыш сияқты жапырақ, гүлсерік сияқты болып көрінеді. Осы жапырақтың түрлі-түсті пішінінен өсімдіктің гүлі орхидеяға ұқсайды.

Жидек тәрізді не құрғақ жемісі болады. Тұқымы ұсақ.

Тұқымдастың тектері Жалпы тұқымдаста 113 тегі бар, оларды зерделеп анықтағанға үлесі зор австриялық ботаник Генрих Вильгельм Шотт. Ғалымның сипаттаған тектерінің қасына «Schott» деген белгі ксылады.

латыншаатықазақшаатытегіТриба Аглаонема АлоказияАмброзинияАморфофаллусАмидриум АнхоманесАнтуриумАнубиас АриземаАризарум ШаянотАстеростигма КаладиумКалла Церцестис КолоказияКриптокоринаКульказияЦиртоспермаДиффенбахия Дракункулюс, или ДракункулусЭминиумЭпипремнум Гонатопус Гимностахис Голохламис Лагенандра Лазия РяскаЛизихитон МонстераМонтричардия Оронтиум Филодендрон ПиптоспатаПистияПодолазия ПотосПротарум РемузатияРафидофораРодоспата СхизматоглоттисСциндапсус СпатикарпаСпатифиллумСпиродела,или МногокоренникСтеносперматион СтилохитонСимплокарпус Сингониум Тифонодорум УроспатаВольфияВольфиеллаКсантосомаЗамиокулькасЗантедеския

Химиялық құрамы Ароид тұқымдасының өсімдіктерінде сантонин т.б. улы заттар және тамыр сабағында крахмал болады.

Ароид тұқымдасының көптеген түрлері әсемдік үшінқаолдан өсіріледі. Кейбір түрлері медицинада, парфюмерияда пайдаланылады.

Галерея

Дереккөздер

Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том

Санат:Шаяноттар