Ересек мысықтарды тәулігіне 1-2 рет тамақтандырады,тамақтың жалпы мөлшері күніне -150-200гг .Үй мысығының негізгі тамағы:ет (мүмкіндігінше шикідей),балық (буға піскен немесе жеңіл қуырылған ) және сүт. Мысыққа ішек-қарын ,бауыр ,жүрек берген пайдалы.Ол бұзылмаған ,тұрып қалмаған жас күйінде болу керек.Мысықты әр-түрлі тамаққа (нан,сорпа,ботқа,шикі көкөністер мен жемістерге)жастай үйрету оңай. Енесінің сүтімен қоректенетін мысыққа 20 күннен кейн сиыр сүтін жылытып беруге болады, оны 2-3 күннен кейн ботқаны ет сорпасына беруге болады, ботқаға 2-3 г шикі ет (үгіліп немесе майдалап туралған фарш ) түрінде қосу керек .Бір ай болғанда ,мысықтың баласы тамақты өзі жеп үйренуі керек.Етті тамақты кейде ірімшікпен ауыстырып отыруға болады.Көкөністерді берерден бұрын ет турағыштан өткізіп,ет фаршымен араластыру керек.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мысықты тамақтандыру · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.