«Құрыш адам» (ағылш. − Man of Steel) — режиссер Зак Снайдер мен продюсер Кристофер Ноланның Дэвид Гойердің сценарийі бойынша түсірген, DC Comicsтің Супермен туралы комикстеріне негізделген фантастикалық атыс-шабыс; Супермен туралы фильм серияларының бастауы. Фильмде аттас кейіпкердің шыққан тегі туралы толығырақ суреттеледі. Суперменнің рөлін Генри Кавилл сомдайды, Лойс Лейнді − Эми Адамс, ал Генерал Зодты − Майкл Шэннон. Фильм тұсаукесері АҚШта 2013 жылдың 14 маусымында, ал Қазақстанда 2013 жылдың 20 маусымында көрсетілді.

Сюжет Кларк Кент (Кал-Эл) − өзінің жойқын күшінің әсерінен өзін бөтен сезінетін жас тілші. Көп жылдар бұрын Жерге Криптон ғаламшарынан жіберілген болатын. Енді не үшін жіберілгенін білмей дал болады. Марта мен Джонатан Кенттердің қолында өскен Кларк біледі: ерекше күшке ие болу − қиын шешімдерді қабылдай білу деген сөз. Бірақ адамзат тұрақтылыққа мұқтаж болған сайын, Жерге келер қауіп те ұлғая түседі. Кларк "Супермен" деген қаһарманға айналуы тиіс. Ол өзі жақсы көретін адамдарды қорғауға міндетті. Оның басқа амалы жоқ.http://kinostan.kz/film/view?id=328

Рөлдерде АктёрРөлГенри КавиллКал-Эл / Кларк Кент / СуперменЭми АдамсЛоис ЛейнЗак Снайдер нашел Лоис ЛейнМайкл ШэннонГенерал ЗодКевин КостнерДжонатан КентДайан ЛейнМарта КентЛоуренс ФишборнПерри УайтРассел КроуДжор-ЭлАнтье ТрауэФаора-УлАйелет ЗорерЛара Лор-ВанГарри Ленниксгенерал-лейтенант СуонвикКристофер Мелониполковник Натан ХардиРичард Шиффдәрігер Эмиль ГамильтонМайкл КеллиСтив ЛомбардДэвид ПеткауNorthcom қауіп талдаушысы Алессандро Джулианисержант СековскиКристина Ренкапитан Кэрри ФеррисДилан Спрейберри13-жасар Кларк КентКупер Тимберлайн9-жасар Кларк КентРичард ЦетронТор-АнМаккензи ГрэйДжакс-УрДжулиан РичингсЛор-ЭмМэри БлэкРо-ЗарСаманта ДжоКар-ВексРебекка БуллерДженниДэвид Льюисмайор ЛараморТамо ПеникеттДжед ЮбенкДаг АбрахамсГеральдсонБрэд КеллиБирнДжек Фолижас Пит РоссДжейдин ГулдЛана ЛэнгРоберт ГердишУитни ФордманКармен Лавиндаяшы КриссиКарла ГуджиноКелор (дыбыс)Роуэн КанКен БраверманАполлония ВановаНадираРевард ДюфренДев-ЕмБрюс БонеБиббо БиббовскиМайк Допудканадалық

Дереккөздер

Сілтемелер

Ресми сайт

Құрыш адам КиноПоиск дерекқорында

Санат:Зак Снайдер фильмдері Санат:Супермен туралы фильмдер Санат:АҚШ фантастикалық фильмдері Санат:Ұлыбритания фантастикалық фильмдері Санат:DC комикстерін экранизациялау