Тоқым — ердің ат арқасына батпауы үшін салынатын төсеніштін бірі. Ол көбінесе киізден сырып жасалады. Кейде киіз тоқымның жиегін шұға не барқыт сияқты маталармен көмкеріп, сыртын түгелдей қалың былғарымен қаптайды. Сырма тоқым мен көмкерілген тоқымдарды көбінесе әйелдер жасайтын да, ал былғары тоқымдарды шебер ершілер ғана жасайды. Тоқымның көлемі де, пішілу үлгісі де әр түрлі болады. Әйелдерге арналған көн тоқымдар үлкен, әшекейі көп, ал еркектердің тоқымдары шағын болады. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Тоқым · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.