Сіңір созылуы — буын сіңірінің жарақаттанып зақымдануы. Жіліншік тобығының сіңірі жиі созылады (аяқты қырынан басып қалғанда, әсіресе, шаңғы тепкенде т.б. жиі кездеседі). Сіңір созылуының белгісі — зақымданған жер қатты ауырады (көбінесе келесі күні), ісіп кетеді; сондай-ақ сіңірі созылған жеоге қан ұйиді. Сіңірі созылған аяққа салмақ түсіруге болмайды; тобықтың немесе тізенің сіңірі созылса, сырқатты сіңірі созылған аяғын жоғары көтеріп жатқызу керек. Сіңірі созылған жерге алғашқы сағатта мұз басады, оған грелка қоюға, жылы компресс жасауға болмайды, өйткені жылу қан құйылуын ұлғайтып, ауруды күшейтеді, ауруды асқындырып жібереді.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Сіңір созылуы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.