Соғылу (соққы тию) тканьдер мен органдардың әлденеге соғылып (ұрылып) теріні жараламай механикалық зақымдануы. Мұндай да көбінесе тек үстінгі ткань ғана зақымданады (тері, тері асты клеткасы, бұлшық ет, сүйек қабығы). Соғылған жер ауырып, ісінеді. Соғылған дердің көгерген ісігі бірден байқалмай, 1-3 күннен кейін білінеді. Ауырғанын басып, қан құйылуын азайту үшін соғылған жерді ағынды суық суға тосады, не мұз басады. Кейін қанның тарауына жылылық жақсы әсер етеді (жылыту компресі). Сондай-ақ соғылған жерді таңып, қол болса мойынға асып қояды, аяқтың астына жастық салып биіктетеді. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Соғылу · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.