Ленинское — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл, Лесной ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1702 адам (836 ер адам және 866 әйел адам) болса, 2009 жылы 1324 адамды (634 ер адам және 690 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Аққайың ауданы елді мекендері