Терістік жоңғар кестежусаны () – астралылар тұқымдасы, кестежусан туысына жататын (жартылай) шала бұта. Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Биіктігі 20-35 см. Бір жылдық өркендері сабағын түзеді, олардың кейбіреулерінде себет болады. Жапырақтары жасыл түсті, сағақты, сопақша немесе жұмыртқа пішінді, екі-үш қауырсын тәрізді тілімделген. Олардың ең ұшындағылары сағақсыз, ұсақ. Себеті біреу, олардың жапырақшалары шөптесін, сыртындағылары қандауыр тәрізді, ішіндегілері сопақтау ұзын. Гүлдері әр түрлі: шетіндегілері шұбар, күлтесі тілше тәрізді ақ түсті, ортасындағылары қос жынысты, күлтесі түтікше тәрізді, сары түсті. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі түксіз, бұдыр тұқымша. Сирек кездеседі, эндемик. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.

Дереккөздер

Санат:Күрделігүлділер