Түсініктемелер Бүгінгі таңдағы жүйелік және қолданбалы бағдарламалардың интерфейсі объектілі-бағдарланған интерфейс деп аталады. Объектілі -бағдарланған жолмен іске асырылған басқару жүйесінің мысалы болатыны-Microsoft Windows. Басқару жүйесі көптеген объектілермен жұмыс жасайды,олардың қатарына жататындары басқару жүйесіндегі біз күнделікті жұмыс істейтін: құжаттар,бағдарламалар,дискжетектер,принтерлер және т.б. Құжаттар кейбір мәліметтерді қамтиды:мәтін,дыбыс,сурет және тағы басқаларды.Бағдарламалар құжаттарды өңдеу үшін қолданылады.Жеке бағдарламалар мен құжаттар өзара тығыз,ажыратылмайтын байланыста болады:мәтіндік редактор мәтінді құжаттармен,графикалық редактор-фотосуреттермен және иллюстрациялрмен жұмыс атқарады,дыбыс өңдейтін бағдарламалар дыбысты өңдеп,жазады,дыбыстық файлдарды тыңдай алуға мүмкіндік жасайды. Құжат және бағдарламалар-бұл ақпараттық объектілер.Ал дискжетектер және принтерлер сияқты объектілер ақпаратты (физикалық) объектілер болып табылады.Басқару жүйесі объектімен: атауын; графика түрінде белгісін; қасиеттерін; әрекет (мінез-құлқын) байланыстырады. Басқару жүйесінің интерфейсінде құжаттар,бағдарламалар,құрылымдарды белгілеу үшін арнайы белгілер мен атаулар қолданылады (олар басқаша пиктограмма деп аталады). Атаулары және белгішелері көмегімен бір объектіні баскасынан оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Әрбір объектімен белгілі бір қасиеттері және оған орындалуы мүмкін әрекеттер жиындары тығыз байланысты. Мысалы,файлдық құрылымдағы оның алатын орны және өлшемі құжаттың қасиеттері болып табылады Құжатқа қатысты орындалатын әрекетттер:( ашу көру немесе тыңдау үшін) ,атын өзгерту,басып шығару,көшіріп алу,сақтау,жою және тағы басқалар болып табылады. Дереккөздер
Информатика Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық Келешек-2030 ЖШС