thumb|left|150px| Protoceras скелеті thumb|left|150px|Stenomylus hitchcocki скелеті Көнтабандылар немесе Сірі табандылар () - көп уақытқа дейін бұл отрядтың өкілдерін жұпаяқтыларға жатқызып келдіОтряд Парнокопытные - Artiodactyla // Павлинов И. Я. Систематика современных млекопитающих. — М.: изд-во МГУ, 2003. — 297 с.. Бұл жасаққа қазіргі заманда сақталған Түйелер (Camelidae) атты бір-ақ тұқымдас жатады. Тұқымдасқа 2 туыс: Африка мен Азияда кең тараған түйелер мен Оңтүстік Америкадағы өркешсіз түйелер - ламалар жатады. Жеті тұқымдас қазіргі заманда құрып біткен.
Құрып біткен тұқымдастарPaleobiology Database: Tylopoda:
† † † † † † †
Сірі табандылардың аяқтары ұзын, аша тұяқты, табаны қалың сірілі («Сірі табандылар» деп аталуы да осыдан). Сірі табандылар Азия мен Оңтүстік Америкада таралған. Жабайы қос өркешті түйе тек Орталық Азияда Монғолиядағы шөлді аймақта (Гобиде), ал гуанако мен викунья Оңтүстік Америкадағы таулы жерді мекендейді. Сірі табандылардың Америкадағы екі түрі (лама және альпака) қолға үйретілген. Бұларды да түйе сияқты көлік есебінде және жүні мен еті үшін ұстайды. Америкада кездесетін Сірі табандылардың өркеші болмайды. Сірі табандылардан тек айыр өркеш түйе мен нар көбінесе Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі. КСРО-да сірі табандылардың жабайы түрі жоқ, бірақ қазба қалдықтарына қарағанда бұрын өткен геологиялық дәуірлерде тіршілік еткен. Елімізде сірі табандылардан тек айыр өркеш түйе мен нар өсіріледі. Қазақстанда көбірек өсірілетіні айыр өркеш түйе, ал нар Түрікменияда көбірек өсіріледіҚазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 502-бет.
Биологиялық сипаттамасы Мойны ұзын ірі жануарлар. Аяғы жұпаяқты, үшінші және төртінші саусақтары сақталған, көнді жалпақ табанына денесінің салмағын салып қозғалады. Қарны үш бөлімнен тұрады: үлкен қарын, жұмыршақ, ұлтабар. Қазір Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі — қос өркешті түйе сақталған. Бір өркешті түйенің, нардың тек қана қолға үйретілген бір түрі белгілі.Түйелер шөлді жерлерге бейімделген, ұзақ уақыт су ішпей жүре береді. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Май қоры өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Сондықтан өркешінде май көп түйелер шөлге шыңамды келеді. Қолға үйретілген қос өркешті түйелер Монголия мен Қытайда, ТМД-да Әзірбайжанда, Қазақстанда, Орта Азия елдерінде бар. Оларды жүк көлігі ретінде пайдаланады. Ламалар тек кана Оңтүстік Америкада тіршілік етеді. Олардың жабайы екі түрі - гуанока және викунья белгіліБиология 9 сынып - Алматы "Мектеп" баспасы 2009.
Дереккөздер
Санат:Сірітабандылар