Ганга өзені дельфині - өзен дельфиндері тобына жатады. Терісінің түсі қою сұр немесе қара. Кеудесі - ақшыл түсті.
Құйрығының ұзындығы - 46 см. Тұмсығының ұзындығы - 18-21 см. Жоғарғы және төменгі жақ сүйегінде 28-29 тістер бар. Бас сүйегі шығыңқы. Бұл дельфиндердің ұзындығы 2 метрден асады, салмағы 90 келіге жуық. Кеуде жүзбеқанаттары - жалпақ. Арқасында жүзбеқанаты жоқ, жотасы қырлы болып біткен. Олар мойындарын жақсы қозғалта алмайды, көру қабілеті нашар. Дегенмен олар жарықты ажыратады және есту мүшесі жақсы дамыған. Осы қабілеті арқылы қорегін оңай ұстайды. Тіршілік ету ұзақтығы 26 жылға жуық. Ганга дельфині 1970 жылы анықталды. Дельфиннің бұл түрі Үндістік, Непал, Бутан, Бангладеш, Ганга, Брахмапутар, Мегхна, Хугли өзендерінің батпақты лай суларын мекендейді. Ганга өзені дельфинінің тұмсығы ұзын, шығыңқы.
Ганга өзені дельфині жойылып бара жатқан балық түріне жатады."1100 қызықты деректер акулалар,дельфиндер және киттер." Дереккөздер
нобай|солға|200px|Қаңқасы
Санат:Дельфиндер