Кәдімгі шәңкіш (Байсаттар тұқымдасы) — ормандық, ылғал сүйгіш бұта, ағаштың шіліктерін мекен етеді, өзен, көлдердің жағасында, Солтүстік Қазақстанның жазық жыраларында, тау аңғарлары мен тауларында және Орталық аласа төбешіктерде, Алтай және Тянь-Шаньға дейін таралған. Биіктігі 1,5 метрден 4 метрге дейін, ескі бұтақтардыңқабығы жарылған қоңыр түсті, жас шыбықтары жылтыр, жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Жүйкелері аздап түкті, 3-4 бөлікті, жапырағынан тәтті шырын бөлінеді. Жас бұтақтардың басындағы гүл шоғырлар жылтыр, шатыр тәрізді, гүлі ақ, алқызыл,тостағаншасы 5 тісті, күлтесі 5 бөлікті қоңырау секілді.Аталығы күлтеден ұзын, тозаңқабы сары. Мамыр-шілдеге дейін гүлдейді, тамыз-қыркүйекте жеміс береді. Тағы қараңыз Өсімдіктер Дереккөздер

«Қазақстанның өсімдіктер әлемі» А.А. Иващенко, Алматыкітап баспасы 2012ж. Санат:Байсаттар