Егін егу - аса маңызды өндірістік процесс, өнімнің мол болуы едәуір дәрежеде оның уақтылы әрі дұрыс орындалуға байланысты. Егудің басты мақсаты - дән қаулап өніп шығуына неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында тұқымды егістік жерге бірдей мөлшерде бөліп сеуіп, оны белгілеген тереңдікте жабу. Агротехникалық талаптар Егіс егуді қолайлы мерзімдерде, жоғары сапалы тұқыммен және жергілікті климат жағдайларына сәйкес өткізу керек. Дән себу нормасы, оларды жабудың тереңдігі және қатар аралықтардың түйісу мөлшері жол берілетін ауытқулардан аспауға тиіс. Егістің жүйегі түп-түзу болғаны жөн, шүйлердің болуына жол берілмейді. Топырақ бетінде жабылмай қалған тұқымдық дән болмау керек. Егіс егу сапасына түпкілікті баға дәннің өніп шығуына қарай беріледі. Дереккөздер Машина-трактор паркін пайдалануда ұйымдастыру және жұмыс жүргізу технологиясы: селолық орта кәсіптік-техникалық училищелерге арналған оқу құралы.Мухин А.А.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Дәнді дақылдар егу · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.