The Pretty Reckless - Нью-Йорктағы актриса, әрі модель Тейлор Момсен басқаратын рок-тобы. Басында топтың атауы The Reckless деп аталған, бірақ авторлық құқық жағынан қиыншылықтар болғандықтан, The Pretty Reckless деген атқа ауыстырылған.The Pretty Reckless Network
Light Me Up дебюттік альбом 2010 ж. 30 тамыз күні жарыққа шыққан. 2010 ж. 13 мамыр күні шыққан бірінші сингл "Make Me Wanna Die" UK Rock Chart бойынша бірінші орынға ие болған. Екінші альбом Going to Hell 2014 ж. 18 наурыз күні шыққан.
Топ тарихы Топ 2008 ж. қазан айында пайда болған. Алғашқы құрамына Джон Секоло, Мэтт Чиарелл және Ник Карбон кірген. 2009 ж. басында The Pretty Reckless бірнеше демо шығарған, және The Veronicas тобының концерттерінің басында ойнаған. 2009 ж. 4 маусымда Тейлор топтың құрамын өзгертті, себебі оның топтағы адамдардың музыкаға деген көзқарастары мүлдем басқаша болатын.
2010 ж. 30 тамызында топ Interscope Records лейболының контрактына қол қойып, дебюттік альбом шығарды. Топтың жаңа стилі "күтпеген, дауысы қатты, бірақ жеңіл мінезді" болу керек деп, Момсен интервьюдe жауап берген. Бұған Marilyn Manson, The Beatles, Oasis және Nirvana, ал Момсеннің өзіне Мэрилин Мэнсон, Курт Кобейн және Джоан Джетт әсер еткен.http://www.mtv.com/news/articles/1611811/taylor-momsen-rock-roll-feeds-my-soul.jhtml
2009 ж. 30 желтоқсанда топ "Make Me Wanna Die" өлеңін шығарды. Өлеңді бірнеше күн Interscope Records сайтында тегін алуға мүмкіндік болған. Бұл өлең UK Rock Chart чартында бірінші орынға 6 апта бойы ие болған.
Топтың алғаш EP 2010 ж. 22 маусымда шыққан. Сыңшылардың көбіне өлең ұнағанымен, Rolling Stone журналы олардың дауысын "жай, кәдімгі" деп атаған.http://www.rollingstone.com/music/albumreviews EP кірген өлеңдер: "Make Me Wanna Die", "My Medicine", "Going Down".
2010 ж. 30 тамызда Light Me Up альбомы Ұлыбританияда, ал 31 тамызда басқа мемлекеттерде жарыққа шыққан.
Екінші сингл "Miss Nothing" композициясы болған.http://fyprettyreckless.tumblr.com/post/741131384/miss-nothing-to-be-the-next-single-in-the-uk/The
Дискографиясы
Студиялық альбомдар Чарттағы ең жақсы орындар Жыл Информация IRL UK Singles Chart UK Rock Chart ARIA Charts 2010 Light Me Up 18 6 1 71 2014 Going to Hell — — — —
EP The Pretty Reckless (2010) Hit Me Like A Man (2012)
Сингл Жыл Сингл UK Singles Chart UK ROCK Chart ARIA Charts Альбомы 2010 "Make Me Wanna Die" 16 1 79 Light Me Up 2010 "Miss Nothing" 39 — — Light Me Up 2010 "Just Tonight" 163 4 — Light Me Up 2012 "Kill Me" — — — Going to Hell 2013 "Going to Hell" — — — Going to Hell 2013 "Heaven Knows" — — — Going to Hell
Құрамы Бастапқыда: Тейлор Момсен Джон Секоло Мэтт Чиарелл Ник Карбон
Қазірhttp://www.theguardian.com/music/2010/apr/19/pretty-reckless-taylor-momsen: Тейлор Момсен Бен Филлипс Марк Деймон Джейми Перкинс
Дереккөздер
Санат:АҚШ рок топтары Санат:АҚШ музыкалық топтары Санат:2009 жылы құрылған музыкалық ұжымдар