Ескендіров Әділ Рза оғлы (; 1912 жыл, Гәнжә —1978 жыл, Баку) — кеңес әзірбайжан режиссері, КСРО халық артисі (1959), профессор. 1940 жылдан КОКП мүшесі.

1930 жылы Бакудың театр техникумын, 1936 жылы ГИТИС-ті бітірді. Сол жылдан Азизбеков атындағы театрда қызмет етеді. 1937-1960 жылдары осы театрдың бас режиссері. Қойған спектакльдеры: М.Ибрагимовтың «Хаяты», С.Вургунның «Вагифы», мен «Фархад пен Шырыны», Э.Мамедханлының «Шығыс таңы» т.б. 1937 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданады. Киноға түскен. 1961 жылы киноға ауысты.

Марапаттаулары КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948), Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендермен марапатталған.Минкевич Д,. Адиль Искендеров, народный артист КСРО, Баку, 1964.

Дереккөздер

Санат:1912 жылы туғандар Санат:1978 жылы қайтыс болғандар Санат:Әзербайжан КСР-інің халық әртістері Санат:Әзербайжанда туғандар Санат:Әзербайжан театр режиссёрлері Санат:Әзербайжан театр актерлері Санат:Әзірбайжан киноактерлері Санат:Әзербайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:КОКП мүшелері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:КСРО халық әртістері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері