Метциг Курт (25.01.1911 ж. т., Берлин)- неміс кинорежиссері (ГДР) , Германия өнер академиясының мүшесі, профессор.Мюнхеннің Жоғарғы техникалық мектебін бітірді.1933 жылдан кино өнерімен айналысқан. 1939-45 жылдардағы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Германия Коммунистік партиясының қатарына өтті. ГДР кино өндірісін ұйымдастырушылардың бірі. 1946 жылдан <<ДЕФА>> киностудиясының көркемдік жағын басқарды. Творчествасы публицистік және антифашистік бағытымен ерекшеленді. <<Көлеңкедегі неке>> мен <<Құдайлар кеңесі>> фильмі Германияның фашизм кезеңіндегі және соғыс жылдарындағы оқиғаларға арнады.1945 жылы Жоғары неміс кино мектебін ұйымдастырды. ГДР Ұлттық сыйлығының лауреаты.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Метциг · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.