thumb|Фридрих Рейнхольд Крейцвальд Крейцвальд Фридрих Рейнхольд (26. 12. 1803, Раквере,- 25. 8. 1882, Тарту) - эстон жазушысы, фольклорисi. Ұлттық әдебиеттiң негiзiн салушы. Крейцвельдтың алғашкы әдеби еңбектерi 1830 жылдан жариялана бастады. Оның көптеген шығармалары эстон тiлiмен қатар неміс тiлiнде де жарық көрді. Крейцвальд 30 жылдай «Пайдалы календарь» басылымына редактор болды. Онда жарияланған шығармаларында әлеуметтік және ұлттық езгiнi сынады. Крейцвальдтың эстон халықтық «Калевипоэг» эпосын құрастырып жариялауда (1857-1861), көне эстон ертегiлерiн жинап бастыруда кыруар еңбегi бар. Оның «Вирус жыршысының жыры» т. б. өлеңдер жинағы эстон поэаиясының дамуына үлкен ықпал жасады. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Фридрих Рейнхольд Крейцвальд · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.