Ксенофан Колофонский (Xenophanes) - (б. з. б. 6-5 ғ.) - ежелгi грек ақыны әрі философы. «Кревофан, Зенон және Горгии жайындағы» трактатқа қарағанда, Элей мектебінің негiзiн салушы. Ксенофон— элегияның авторы. «Силла» деген пародияларында Ксенофан антропоморфизмді сынап: «Егерде бұқа, жылқы, арыстанның адамдай қолы болып, онымен сурет салса немесе шығарма жазатын болса, онда жылқылар құдайды жылқыға ұқсатып, бұқалар құдайды бұқаға ұқсатып бейнелеген болар едi ... » деп, мұндай мифологияны саналы түрде бекерге шығаруға ұмтылды. Ксенофан философиялық ойлары кейiннен теологиялық тұрғыдан түсiндiрiлдi. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Ксенофан Колофонский · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.