Әскери алқасы – Әскери трибуналдың барлық жүйесіне басшылық жасайтын КСРО Жоғарғы Сотының құрамына енген коллегия. Әскери коллегияның 1-инстанциядағы сот ретінде ерекше маңызды қылмыстық істерді: генерал (адмирал) шені бар әскери қызметкерлердің не әскери құрама командирі мен одан да жоғары дәрежедегілердің қылмыс істерін, 2-инстанциядағы сот ретінде әскери округтар, топтар, флоттар мен жеке армиялардың әскери трибуналдарының сот үкімдеріне, шешімдеріне, ұйғарымдарына кассациялық, жеке шағым, наразылық түскен істерді, КСРО Жоғарғы сотының председателі, КСРО Бас прокуроры, олардың орынбасарлары, КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының төрағасы, әскери бас прокуроры наразылық білдірген істерді қарайды. Әскери коллегияда 1- инстанциядағы істер төрағаның, оның орынбасарының немесе мүшелерінің, екі халық заседателінің, ал 2-инстанциядағы істер Әскери коллегия үш мүшесінің қатысуымен қаралады. Әскери коллегияның төрағасын, оның орынбасарын және мүшелерін КСРО Жоғ. Кеңесінің Төралқасы 5 жыл мерзімге сайлайды. Оған жасы 25-ке толған әскери қызметтегі КСРО азаматтары сайлана алады. Оларды КСРО Жоғары Кеңесінің Төралқасы ғана мерзімінен бұрын қайта шақырып алуға құқылы. Әскери коллегияның халық заседательдері әскери бөлімдердің жалпы жиналысында ашық дауыспен 2 жылға сайланады.

Галерея

Нөмірі Киім үлгілері Фотосуреттері 1 Маршалдар мен генералдардың жазғы парадтық киім үлгісі нобай 2 Маршалдар мен генералдардың қысқы парадтық киім үлгісі нобай 3 Авиация маршалдары мен генералдарының жазғы парадтық киім үлгісі нобай 4 Маршалдар мен генералдардың жазғы күнделікті киім үлгісі нобай 5 Маршалдар мен генералдардың жазғы жорықтық киім үлгісі нобай 6 Кеңес одағы Флоты адмиралдарының парадтық киім үлгісі нобай 7 Әскери-Теңіз Флоты генералдарының парадтық киім үлгісі нобай 8 Әскери-Теңіз Флоты адмиралдары мен генералдарының парадтық киім үлгісі нобай 9 Суворовшылардың жазғы парадтық және парадтық бір киер киім үлгісі нобай 10 Суворовшылардың қысқы парадтық және парадтық бір киер киім үлгісі нобай 11 Суворовшылардың жазғы күнделікті киім үлгісі нобай

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы