Намсараев Хоца Намсараевич- бурят -совет жазушысы. Бурят совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі. 1925 жылдан КОКП мүшесі. Кедей шаруа отбасында туған. Ауыл мұғалімінен монғолша хат таныған. Қазан революциясы орнағаннан кейін орыс тілін үйреніп , орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысты. Намсараевтің әдебиет майданына араласуы 1919 жылдан басталды. Намсараев шығармалары туған халқының азапты өткені мен Совет өкіметін орнату жолындағы қаһармандық күресі , еңбектегі ерлік істерін бейнелеуге арналған.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Намсараев Хоца Намсараевич · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.