Себореялық кератоз (син: кәрілік сүйелі, себореялы кератома). Ісік өте баяу өседі. Бастапқыда шектелген сарғыш немесе қоңыр түсті дақ, кейін оның көлемі өсе келе диаметрі 4-6 см-ге дейін жетеді. Біртіндеп ісік беті сарғыш қабықпен қапталады, жарылады, түсі қою-қоңыр түске дейін өзгереді. Орналасу орны әртүрлі болуы мүмкін, жиі терінің жабық беткейлерінде орналасады, бірақ бетте, мойында, бастың шашты бөлігінде де орналасуы мүмкін. Емі. Емі. Кесіп алу, электро-криодеструкция, неодим лазерінің сәулелері, солкодерм, 10% салицил және сүт қышқылынан тұратын коллодий, А дәрумені бар жақпа майлар. В.Н.Ярыгина, А.С.Мелентьева. «Руководство по геронтологии и гериатрии», Клиническая гериатрия. Москва, 2008.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Себореялық кератоз · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.