Герхард Фридрих Миллер (; туған кездегі есімі — Герард Фридерик, сондай-ақ орыстандырылған түрі — Фёдор Иванович Миллер; 29 қазан, 1705, Херфорд, Вестфалия герцоглығы, Пруссия корольдігі — 11 (22) қазан, 1783, Мәскеу, Ресей империясы) — орыс-неміс тарихшысы, жаратылыстанушы және саяхатшы.
Петербург Ғылым академиясының мүшесі (1731). Ұлты — неміс. Ресейге 1725 жылы келді. 1725 жылдан бастап академияның адъютаны, 1731 жылдан тарих профессоры болды, сондай-ақ 1728–1730 жылдары және 1754–1765 жылдары Ғылым академиясының конференц-секретары қызметін атқарды. 1733–1743 жылдары Сібірді зерттеу экспедициясына қатысып, 20-дан астам қаланың архивін зерттеді, орыс тарихына байланысты құжаттардың көшірмелерін жинап алды. Миллер Сібірдің географиясы, археологиясы, этнографиясы және экономикасы жайынан да көптеген материалдар жинады. Оның ең басты еңбегі — «Сібір тарихы». 1748 жылы жазылған «Халықтың және оның россиялық деген атының шығуы» атты диссертациясында Ресей тарихын норман теориясы тұрғысынан баяндады, бұл тұжырымға М.В. Ломоносов пен С.П. Крашенинников сияқты ғалымдар қарсы шықты.Қазақ совет энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Санкт-Петербург ғылым академиясының толық мүшелері Санат:Ресей империясы тарихшылары