плезиозавр

Плезиозаврлар. Теңіздерде тіршілік етуге бейімделген рептилилердің екінші түрі. Плезиозаврлар денесі кең, қысқа құйрықты организмдер. Басы кішкене, мойыны жақсы жетілген. Дене мөлшері 50 сантиметрден 15 метрге дейін болады. Су жиегінде тіршілік етіп, балықпен, моллюскамен қоректенген. Плезиозаврлар триас дәуірінің бас кезінде пайда болып, бор дәуірінің соңғы кезінде өліп біткен.

«Омыртқалылар зоологиясы» С. П. Наумов- Алматы «Мектеп» баспасы Дереккөздер

Санат:Омыртқалылар