Тайжүзген – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы жерінде.

Бастауы Тарбағатай жотасының шығыс беткейінен басталып, Қарасуат елді мекен тұсында тартылып қалады. Аңғары тар, терең.

Гидрологиясы ¥зындығы 52 км, су жиналатын алабы 289 км2. Аңғары тар, терең. Қар, аздап жер асты суымен қоректенеді. Жылдың орташа су шығыны 0,58 м3/сек.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Зайсан ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы