Тайынты – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы жерімен ағады.
Бастауы Қалба жотасының солтүстік беткейінен басталып, Ертіс өзеніне сол жағынан қүяды.
Гидрографикасы ¥зындығы 60 км, су жиналатын алабы 1000 км2. Аңғары тар, терең, тік шатқалды. Қар суымен қоректенеді. Ағыны қатты. Жылдық орташа су шығыны Жоғарғы Тайынты елді мекені тұсында 2,05 м3/сек, сағасында 5,22 м3/сек. Ауыл шаруашылығына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлан ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы