Кювье (Cuvier) Жорж (23. 08. 1769 — 13. 05. 1832) — француз табиғат зерттеушiсi, Париж FА-ның (1795), Франция FА-ның (1818 жылдан) мүшесi. Штутгартта каролина академиясын бiтiрген. Кювьенiң «Анатомия моллюска patеlla» деген алғашқы ғылми еңбегiн Э. Жоффруа Сент-Илер бағалап, Кювьенi Парижге шақырған. Кювье ертеде тiршiлiк еткен жануарлар фаунасының алмасуын түciндiру үшiн 1812 жылы апат теориясын ұсынып, бұрын жер бетiнде мезгiл – мезгіл болған апат жағдайлар салдарынан барлық тiршiлiк жойылып қайта пайда болып отырған деген көзқараста болған. Kювьенің бұл идеалистік теориясын Ж. Б. Ламарк, Ч. Лайель және Ч. Дарвин еңбектерi жоққа шығарды. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер
Санат:1769 жылы туғандар Санат:1832 жылы қайтыс болғандар