Қара Абулфазұлы Қараев (; 05.02.1918 жылы туған, Баку) — Азербайжан совет композиторы , қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), Азерб. КСР ғылым академиясының академигі (1959). 1949 жылдан КОКП мүшесі. 1935-1938 жылдары Баку консерваториясында оқыды. Творчестволық қызметі 1937 жылы басталды. 1946 жылы Москваның П. И. Чайковский атынд. консерваториясының композиция факультетін бітірді. Баку консерваториясының профессоры (1957). Лениндік сыйлық (1957) пен КСРО Мемл. сыйлығының лауреаты (1946, 1948). Ленин ордені, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер

Санат:1918 жылы туғандар

Санат:КСРО халық әртістері Санат:Әзербайжан опера сазгерлері Санат:Әзербайжан балет сазгерлері Санат:Әзербайжан музыка педагогтары Санат:Әзербайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Әзербайжан академиялық музыканттары