Керкекіл Тарихы Керкекіл – 1916 жылғы қазақтардың орыс отаршылдарына қарсы күресінің батыры Жәмекеңнің аты. Керкекілдің құлын кезінен бестісіне дейінгі өмірі Алатаудың ең сұлу жері, жазы шыбын – шіркейсіз салқын, суы тұнық әсем Қарқарада өткен. 1910 жылдары Жәмекеге Ташкенттегі қырғыз досы Қыдыреке қонаққа келіпті. Бір жаз қымыз ішіп демалып, кетерінде досынан Керкекілді сұрайды. Жәмеңке атын сыйға тартады. Разы болған досы атты өзімен бірге еліне әкетеді. Бірақ бір аптаға жетпей Керкекіл қашып кетіп, Қарқараға оралады. Жәмеңке досына хабар береді. Қыдырекенің шабармандары атты Ташкентке тағы алып кетеді. Бір ай өтісімен Керкекіл қайта қашып келеді. Ташкент пен Қарқараның арасы бір жарым мың шақырымнан артық екен. Осы аралықта ақылды жануар күндіз үнемі тығылып тұрып, тек түнді пайдаланып жортқан деседі. Сөйтіп, Керкекіл жолда ит – құсқа жем болмай, адамға ұсталмай еліне жетіпті. Жат жерге барған аттың көзіне туған жердің бейнесі елестейтін көрінеді. Оны ұмыттыру үшін айнаға қаратып кірпігін жұлады екен. Ел аузынан Сонда Қыдыреке: Жәмеке, атыңды бір емес, екі ретбердің, оған алғыстан басқа айтарым жоқ. Жануардың тілі жоқ демесең, ақылы көп адамнан артық. Туған жерінде қалсын, - деген сәлемдемесін жолдапты. Дереккөздер "Сен білесің бе?" энциклопедиясы