Гальваностереотипия-гальванопластикалық тәсілмен шығыңқы баспа қалыбының көшірмесін жасау әдісі. Гальваностереотипия процесі негізгі 3 кезеңнен тұрады: матрицалау, баспа қалыбын алу үшін электролиттік жолмен матрицаға металл бастыру, алынған қалыпты өңдеу. Кәдімгі құйма стереотиппен салыстырғанда, бұл қалыптың бастапқы түп нұсқасын мейлінше дәл береді. Мысалы: гальваностереотип 200-250 мың рет таңба басуға жарайды. Гальваностереотиптер көбінесе иллюстрацияға бай кітап-журналдар, көп тиражбен түрлі-түсті репродукциялар басуда қолданылады.

Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы